19 Тамыз 2026, 19:34 Фото: Ақорда

Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді. Испания Королі алғыс хатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.