15 Шілде 2026, 02:02 Фото: instagram.com/fifaworldcup

Испания Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты

Ал Франция құрамасы үшінші орын үшін Англия–Аргентина жұбының жеңілген командасымен бақ сынайды.

Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды.

Кездесудің 22-минутында Ламин Ямалға қарсы ереже бұзылғаннан кейін төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Микель Оярсабал сәтті орындап, есеп ашты.

Екінші таймның 58-минутында қорғаушы Педро Порро команданың басымдығын еселей түсті. Осылайша матч Испанияның 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Осы нәтижеден кейін Испания әлем чемпионатының финалында Англия мен Аргентина арасындағы жартылай финал жеңімпазымен кездеседі.

Ал Франция құрамасы үшінші орын үшін Англия–Аргентина жұбының жеңілген командасымен бақ сынайды.