11 Маусым 2022 2022, 08:08
Испания COVID паспортынан бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Испания COVID паспорттан толығымен бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Испания COVID паспорттан толығымен бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді әуежай сияқты ірі қоғамдық орындарда маска тағу міндеттелмейді.
Биылғы маусымда Испания 50 млн-ға жуық саяхатшы қабылдауды көздейді. Бұл туралы туризм министрі Рейес Марото мәлім етті. Туризм Испанияның ішкі жалпы өнімінің 12 процентін құрайды.