Испания БҰҰ-ның бұрынғы басшысын жемқорлық ісі бойынша қамауға алды

Испанияда сыбайлас жемқорлық ісі бойынша іздеуде жүрген БҰҰ-ның бұрынғы шенеунігі ұсталды. Бұл туралы BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Испанияның Ұлттық соты АҚШ-та сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ақшаны жылыстату деген айыптармен іздеуде жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымының Жобалық қызметтер жөніндегі кеңсесінің (UNOPS) бұрынғы атқарушы директорын қамауға алу туралы бұйрық шығарды, деп хабарлады корольдік сот билігі бейсенбі күні баспасөз хабарламасында.

Ұлттық соттың судьясы Мария Тардон БҰҰ-ның Жобалық қызметтер жөніндегі кеңсесінің (UNOPS) бұрынғы атқарушы директоры Виталий В.-ны сотқа дейінгі қамауға алуды бұйырды, ол АҚШ-та пара алу, алаяқтық және ақшаны жылыстату деген айыптармен экстрадициялау үшін іздеуде жүрген, – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы