Испанияда білім алатын қазақстандықтар көп – елші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Қазақстандықтар көбіне Испанияның астанасы Мадрид пен Барселона қалаларын таңдайды.  Бұл туралы Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы елшісі қызметін қоса атқарушы Константин Жигалов Сыртқы істер министрлігіндегі брифинг барысында айтты.

Дипломаттың айтуынша, қазақстандықтар білім алуда Испанияны таңдайтын жағдайлар жиі кездеседі.

«Қазақстан тұрғындарының білім алуға келгенде Испанияны таңдайтын жағдайлар көп кездеседі. Қазақстандықтардың көп бөлігі Мадрид пен Барселона қаласында оқып жүр. Осы екі қаланы жиі таңдайды. Испанияда білім алу үшін көбіне испан тілі қолданылады. Бұдан бөлек ағылшын тілінде білім алатын қазақстандықтар да бар. Жақында мен Кагис қаласында болдым. Қала Испанияның оңтүстігінде орналасқан. Сол жердегі университетке бардым. Қазақстаннан келіп оқып жатқан 8 адаммен кездестім. Сонымен қатар дәл осы Кагис қаласындағы университетте  140 адам бакалавр, магистратура, докторантурада білім алған. Бұл – өте жақсы көрсеткіш», - деді Константин Жигалов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы