Испания билігі сыртта міндетті маска тағу режимін жеңілдетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания билігі бүгіннен бастап сыртта міндетті маска тағу режимін жеңілдетті. Бұл талап желтоқсан айынан бері заңды күшінде болған, деп жазды Хабар24.

Енді тұрғындар ашық аспан астында бетпердесіз жүре алады. Сарапшылардың айтуынша, масканы жабық ғимарат ішінде және арақашықтықты сақтау мүмкін болмаған жерде ғана таққан тиімді. 

Айта кетейік, соңғы бірнеше аптада аймақтағы эпидемиологиялық ахуал оңала бастады. 

Тіркелген науқастардың саны 1,5 есеге қысқарған.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы