Исландияда жарты жылда бесінші рет жанартау атқылады

Исландияда желтоқсан айынан бері бесінші рет жанартау атқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News-тің мәліметінше, Исланияның оңтүстік-батысында жанартау оянды. Бұған дейін ол жердің тұрғындары эвакуацияланған болатын.

Жағалаудағы күзеттің тікұшағы жақын арада жанартау атқылағае жердің нақты орналасқан орны мен ауқымын анықтау үшін әуеге көтерілетіні белгілі болды.

Айта кетерлігі, бұған дейін желтоқсанның басынан бері жанартау төрт рет атқылаған еді.

Наурыздың басында елдің оңтүстік-батысындағы Рейкьянес исландиялық түбегінде басталған жанартаудың атқылауы 9 мамырда аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: X(Twitter)/@GeoTales_
Өзгелердің жаңалығы