Исландияда жанартау атқылап жатыр
Исландияның оңтүстік-батысында жанартау атқылап, туристік Лагуна Азул және Сундхнукур қалаларына қауіп төнді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Билік шаһар тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр. Ал отты таудың оянуы оңтүстік аймақтарда су құбырына зақым келтірген. Салдарынан мыңдаған үй ыстық сусыз, жарықсыз отыр.
Кеблавик халықаралық әуежайында да су құбыры істен шыққан. Мамандар апаттық құбыр арқылы ыстық суды қалпына келтіру бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін ескертті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда Қазақстанның мәдени орталығын ашу мәселесі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы