Кеше 2026, 08:21 Фото: Reuters

Исландия Еуропалық одақ құрамына жедел түрде қосылу мәселесін қайта жандандыруда

Ел парламенті алдағы апталарда бүкілхалықтық референдумның өтетін күнін жариялауы мүмкін.

Politico басылымының ақпараты бойынша, ЕО-ға кіру процесін қайта бастау жөніндегі дауыс беру 2027 жылға қарай өтуі ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуропалық дереккөздердің айтуынша, саяси ерік болса, бұл үдеріс техникалық тұрғыдан аса күрделі емес және шамамен бір жыл уақытты ғана алуы мүмкін. Егер исландиялықтар референдумда еуроинтеграцияны қолдаса, ел басқа үміткер мемлекеттерге қарағанда ЕО-ға тезірек қосылуы мүмкін.

Алайда Брюссель мен Рейкьявик арасында шешімін таппаған мәселелер бар. Соның ішінде Исландия экономикасында маңызды рөл атқаратын балық аулау құқығы негізгі даулы тақырыптардың бірі болып отыр.

Айта кетейік, Исландия 2009 жылы жаһандық қаржы дағдарысынан кейін ЕО-ға мүшелікке өтінім берген болатын. Алайда 2015 жылы елдің Сыртқы істер министрлігі бұл өтінімді кері қайтарып алған.