Исламхан Азия Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Әл-Айн" командасының сапында Азия Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді.

Топтық кезеңнің бірінші матчында "Әл-Айн" Иранның "Сепахан" командасын қабылдады. Бауыржан Исламхан алғашқы минуттан алаңға шығып, матчты соңына дейін ойнап шықты. 

Кездесудің өзі 4:0 есебімен қонаққа келген "Сепахан" командасының пайдасына шешілді.

Айта кетейік, Азия Чемпиондар лигасының D тобында "Әл-Айннан" бөлек Иранның "Сепахан", Сауд Арабиясының "Әл-Наср" және Катардың "Әл-Садд" командалары ойнайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы