12 Қараша 2025 2025, 21:48 Фото: Тұрар Қазанғапов

Исламиада – 2025: Дайяна Даренская каратэден қола жүлде иеленді

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Дайяна Даренская Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Дайяна Даренская Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшы 68 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Даренская қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Сауд Арабиясының өкілі Марьям Альсалахты сенімді түрде жеңді.