Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстандық таеквандошылар ширек финалда бақ сынайды
Қазақстандық таеквондошылар Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілдері жарыстың келесі кезеңіне сенімді түрде өтті. Әзірет Дүйсенбек Пәкістан спортшысы Шахзанба Ханды жеңсе, Камила Аймұқашева Нигер елінің спортшысы Зейнап Хароунаның қарсылас болды.
Еске сала кетейік, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Биыл Қазақстан құрамасын бұл беделді додада 100-ден астам спортшы таныстырып жатыр.
Сауд Арабиясы алтыншы мәрте өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарын қабылдап отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) ұйымдастырылған. 2009 жылы ойындар Иранның Тегеран қаласында өтуі тиіс еді, алайда жарыс кейінірек өткізілмейтін болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оңтүстік Кореяда ірі логистикалық қойма өртенді
Өзгелердің жаңалығы