Бүгiн 2026, 13:00
Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай
Ислам ынтымақтастығы ұйымы референдумға оң баға берді
Бас хатшылық Қазақстан басшылығы мен халқын осы маңызды ұлттық оқиғаның сәтті өтуімен құттықтады.
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшылығының Азия басқармасының басшысы Имран Садихов Қазақстандағы референдумды бақылау нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Референдумның алдын ала нәтижелері азаматтардың кеңінен қатысқанын көрсетеді, бұл Қазақстан халқының елдің конституциялық болашағын қалыптастыруға белсенді араласқанын айқындайды. Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды және халықаралық байқаушылардың жұмысына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан билігіне алғыс білдіреді, - дейді Садихов.
Бас хатшылық Қазақстан басшылығы мен халқын осы маңызды ұлттық оқиғаның сәтті өтуімен құттықтады.
Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымының құнды әрі белсенді мүшесі болып қала беретіні расталып, елдегі конституциялық институттарды нығайтуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған күш-жігерге қолдау білдіріледі, – деп түйіндеді ол.