Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан үздік ондыққа кіріп, жарысты аяқтады

Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы өз қатысуын сәтті аяқтады. Қазақстан спортшылары жалпы саны 56 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жинаған жүлделердің ішінде 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль бар. Осы нәтижелердің арқасында ұлттық құрама жалпы командалық есепте жетінші орынға ие болды.

Алтын медальдердің үш-үштен үлесін жүзу, ауыр атлетика және джиу-джитсу спортшылары әкелді.

Үстел теннисінде де қазақстандықтар екі рет бірінші орынға көтерілді.

Бұдан бөлек, дзюдо, муай-тай, семсерлесу және карате спорт түрлерінде бір-бір алтыннан жеңіп алды.

Жалпы жарысқа Қазақстаннан 100-ден аса спортшы қатысты.

Медальдар саны бойынша көшбасшы атанған - Түркия құрамасы, олардың қоржынында 72 алтын, 44 күміс және 39 қола медаль бар. Екінші орынды Өзбекстан, ал үздік үштікті Иран түйіндеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Өзгелердің жаңалығы