Ислам ынтымақтастығы ойындары: ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарында алғашқы алтын жүлдесін еншілеп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жеңімпаз атанған — 78 келі салмақ дәрежесінде күрескен дзюдоист Аруна Жангелдина.
Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы шеберлігін айқын көрсетіп, Камерун атлеті Джорджика Уеслиді сенімді жеңді. Техникалық және тактикалық жағынан басымдық танытқан Жангелдина Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы