Ислам ынтымақтастығы ойындары: Айбат Мырзамұратов қола медаль еншіледі

Қазақстандық жүзгіш Айбат Мырзамұратов Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үздік үштікке енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша финалда сәтті өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.

Бұл қашықтықта түркиялық Дорук Ёгуртчуоглу бірінші, ал алжирлік Джауад Сёуд екінші орын алды.

Бұған дейін 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Едіге Ембердінің қола жүлдегер атанғанын жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы