19 Маусым 2022 2022, 13:51

Ислам Республикасының Президенті «Саадабад» кешенінде Тоқаевты қарсы алды

Ислам Республикасының Президенті «Саадабад» кешенінде Қазақстан Президентін ресми қарсы алды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран Ислам Республикасының Президенті «Саадабад» кешенінде Қазақстан Президентін ресми қарсы алды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Иран Ислам Республикасының әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.