іскерлік белсенділік индексі 49,6-ге дейін жақсарды

Қазанда іскерлік белсенділік индексі 49,6-ге дейін біршама жақсарды. Бірақ көрсеткіш әлі теріс аймақта тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іскерлік белсенділік өндірісте жақсарғаны байқалады. Онда 51,6 көрсеткішпен (қыркүйекте – 49,5) оң аймаққа өтті. Құрылыста іскерлік белсенділік индексі өзгеріссіз. Көрсеткіш алдыңғы айдағыдай 48,5 күйінде қалды. Қызмет көрсету және тау-кен өндіру секторында да индекс теріс аймақта тұр. Әсіресе, қызмет көрсетуде 49,5-ке дейін (қыркүйектегі 49,1-ден) біршама ұлғайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жеткізу мерзімі ұзарып, жұмыспен қамту деңгейі төмендегендіктен 48,7-ден 48,0-ге дейін түсті, - дейді ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин.

Ағымдағы бизнес жағдайларды бағалауда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алайда, болашақ бизнес жағдайға қатысты оптимизм жақсара түсті. Сөйтіп, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 11,2 болды (2023 жылғы қыркүйекте – 9,5). Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды. Себебі бизнес жүргізудің ағымдағы және болашақ жағдайларын бағалау оң қалпында қалып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы