«Ішкі туризм неге қымбат». Ораловтың елдегі туризм мәселесіне қатысты пікірі

Астана халықаралық форумының кулуарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов еліміздің туризм саласын дамытуға арналған 7 жылдық тұжырымдама қалай іске асып жатқанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Форум кулуарында БАҚ өкілі министрден «Ел ішіндегі туризм неге қымбат? Одан қарағанда Түркия, Таиланд сияқты елдерге демалған тиімді» деп сұрады. 

Ораловтың түсіндіруінше, бәрі елдегі бәсекелестікке байланысты. 

Туризм мәселесі өте өзекті. Қазақстан туризмінің әлеуеті зор. Еліміздің бүкіл аймақтарында ерекше тарихи жерлер бар. Туристерге көрсететін дүниеміз көп. Кеше ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле келді. Жалпы, Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасының 10 көрнекті ескерткіштері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне енген, - деді Оралов.

Асхат Ораловтың айтуынша, туризм саласын дамыту мақсатында Kids Go Free бағдарламасына қатысу үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілген. Онымен қоса, қазақстандықтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр.

Алдағы 7 жылда сырттан келетін туристердің санын бір миллионан 4 млн-ға жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ ішкі туризмді дамыту үшін туристік операторларға мемлекет тарапынан қаржыны қайтару мәселесі 180 күннен 15 күнге ұлғайды деп айтуға болады. Меніңше, бұл ішкі туризмді ілгерлетуге жақсы мүмкіндік, - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы