Кеше 2026, 17:49
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Ішкі сауда дамиды: Қазақстан кәсіпорындарына 4,3 млрд теңге қолдау көрсетілді
Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен сауда-ойын-сауық орталықтары бағдарламаға кірмейді.
2025 жылы Қазақстанда ішкі сауда саласын мемлекеттік қолдау шаралары жалғасты. Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы кредиттерді субсидиялау мен кепілдендіруге негізделіп, сауда нысандарының заманауи форматтарын дамыту мен өңірлік инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен сауда-ойын-сауық орталықтары бағдарламаға кірмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыс орталықтарындағы жобалар үшін несие сомасы 3 млрд теңгеден аспайды, ал кіші қалалар мен ауылдық елді мекендер үшін – 1,5 млрд теңге. Екінші деңгейлі банктер арқылы субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі – 10,75%, субсидия мерзімі инвестициялық мақсаттар үшін – 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 жылға дейін белгіленген.
Мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге қойылатын талаптар:
•Сауда сөрелерінде отандық өнімдердің үлесі кемінде 20% (тамақ емес) және 50% (тамақ өнімдері) болуы тиіс.
•Айналым қаражатын толықтыруға несие алған жағдайда, тауарлар мен шикізатты отандық өндірушілерден сатып алу талап етіледі. Жаңа қазақстандық өндірушілердің өнімдері сөрелерде кемінде үш ай бойы басым орынға қойылуы қажет.
•Жалға алу ақысы субсидия немесе кепілдік келісімшарты жасалған сәттен бастап бір жыл бойы өзгермейді.
•Кәсіпкерлер БҰҰ Ұлттық статистика бюросына (statgov.kz арқылы) уақытылы есеп беруге міндетті.
Барлығы 4,3 млрд теңге бөлініп, осы арқылы еліміз бойынша 460 жоба қаржыландырылды.