Ішкі Монғолияның тұрғындарын аспандағы 5 күн таңғалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық Ішкі Монғолия тұрғындары таң атқанда аспаннан 5 күнді көрді. Бұл туралы NDTV басылымы жазды.
Феноменнің видеосын қытайлық БАҚ жарыса жариялады.
Қандай керемет көрініс! Ішкі Монғолияның аспанында бес күн жарқырап тұр, - деп жазылған видеоның астында.
БАҚ-тан бөлек әлеуметтік желіде де кең тарап, кейбіреулер "Ауа райының ластануынан ба?" деп сұрады. Бұл феномен паргелий деп аталады. Мұндай көрініс күн сәулесі аспандағы алтыбұрышты жалпақ кристалл мұздардың арасынан түскенде болады. Паргелий болуы үшін нөлден төмен цельсий бойынша 20 градусқа дейін температура болу керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ "черная кассаға" қатысты түсініктеме берді
Өзгелердің жаңалығы