Ішкі көші-қон. Қарағанды облысына келушілер саны 55,8%-ға азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық көші-қон ағымында есептік кезеңде кеткендер саны келгендердің санынан 3515 адамға асты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда көші-қон кемуі 25,5%-ға көбейді. Келушілердің саны 55,8%-ға азайды, кетушілердің саны 20,7%-ға көбейді. Сыртқы көші-қон шегінде кетушілердің 81,7%-ы Ресей Федерациясына, 17,7% – Германияға, 0,6% – басқа елдерге көшті.

Республиканың басқа аймақтарымен алмасуда, 2021 жылғы қаңтар-маусымда көші-қон кемуі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 24,8%-ға көбейді және -4618 адамды құрады. Басқа облыстардан келушілер саны 5,6%-ға жоғарланды, облысаралық көші-қон шегінде кеткендер саны 2,1%-ға өсті, - делінген хабарламада.

Облыс ішіндегі халықтың көші-қонының нәтижесінде, тұрғылықты орнын 20857 адам ауыстырды, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6,7%-ға жоғары. Оған қоса ауыл халқының қалалық жерге ағымының жоғары белсенділігін атап өту керек. Тұратын жерін өзгерту есебінен облыс шегінде қала тұрғындарының саны өсті, ал ауылда тұратындар саны 157 адамға азайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы