Ішкі істер министрлігінде "Бұрымды қыз" байқауы өтті

Конкурсының қорытындысы бойынша Айдана Назарбекова "Қазақстан полициясына 30 жыл" медалімен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған "Бұрымды қыз" фото – конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар облысы Полиция  департаменті Май ауданы полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Айдана Назарбекова "Қазақстан полициясына 30 жыл" медалімен марапатталды.  

Айдананы құттықтай отырып, Полиция  департаментінің бастығы Василий Скляр қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын насихаттау, салт-дәстүрлерді жаңғырту, көркемдік талғамды қалыптастыру және мәдени деңгейді арттыру жастарды тәрбиелеуде маңызды екенін атап өтті. Әдемі өрім әрқашан әйел өкілдерінің әшекейі болып саналды.

Байқаудың мақсаты ұлттық салт-дәстүрлерді, құндылықтар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелеу болды. Мен бұл байқауға мұқият дайындалдым. Этика, рақым, ептілік, әдептілік - бұл әр қызда бар нәрсе. Ұлттық дәстүрлерді білу - әркімнің борышы, - дейді Айдана Назарбекова.

Айта кетейік, полиция лейтенанты Айдана Назарбекова 2018 жылдың тамыз айынан бастап полиция органдарында қызмет етеді.  2022 жылдың қаңтарында Павлодар облысы Полиция  департаменті Май ауданы полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы лауазымына тағайындалды. Қызмет еткен жылдары өзін бастамашыл, адал, кәсіби сауатты және жауапты маман ретінде көрсетті. Өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындайды. Айдананың ұстамдылық, әділдік  сияқты қасиеттері нағыз полиция қызметкеріне тән.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы