Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев көпшілікке үндеу жасады. Ішкі істер министрлігі өкілі жол қозғалысына қатысушыларды заңға бағынып, тәртіпті сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталында хабарланғандай, жолдағы тәртіп бұл тек ереже емес, бұл – адамның өмірі.

Әрқайсымыз – жүргізуші, жаяу жүргінші, ата-ана бұған жауаптымыз. Себебі жолда әр адамның артында тұтас отбасы, жақындары, тағдыры тұр. Соңғы жылдары елімізде жол апаты салдарынан болған адам шығының саны екі есе азайды. Бұл – қоғамның ортақ нәтижесі. Бірақ біздің түпкі мақсат — адам өлімін мүлде болдырмау. Бірде бір жан жолда қаза таппауға тиіс, - дейді Сұлтанбаев.

Осы орайда ол тұрғындарды қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды ұстануға шақырды:

  • жылдамдықты асырмаңыз;
  • мас күйде көлік жүргізбеңіз;
  • жастарға үлгі болыңыз;
  • өзге жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге құрметпен қараңыз.

Тәртіп – бұл шектеу емес, бұл қорғаныс. Ол сізді және сіздің жақындарыңызды сақтайды. «Заң мен тәртіп» қағидаты жай ұран емес, бұл – әр азаматтың қауіпсіздігіне негіз болатын өмір салты. Заңға құрмет – қоғамға құрмет. Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік. Әркім өз үлесін қосса, біз әрбір жолды шынымен қауіпсіз ете аламыз, - деді Қайсар Сұлтанбаев

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы