Ішкі істер министрлігі Мұхамеджан Тазабекті тексеріп жатыр – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ішкі істер министрлігі полицейлердің алдында дәріс оқыған «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабекті тергеуді бастап кеткен. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілерге ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калаичиди айтып берді.

«Негізі ол азаматты кездесуге шақырған бөлімше басшысынан сұрау керек шығар. Мен бұны кеше білдім.  Мамандандырылған күзет қызметінің басшылығы онымен сөйлесуі керек. (...) Әрбір мемлекеттік органда ақпараттық жұмыстар жүргізу жоспары бар. Олар осындай кездесуге танымал қоғам қайреткерлерін шақырады. Енді біз осы кездесудің қаншалықты қажет болғанын, оның өзінде не айтылғанын, форматы мен мазмұнын тексереміз. Содан кейін қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Бұл тексеріс аяқталғанша мен түсінік бергім келмейді», - деді Калаичиди.

Айта кетейік, жақынд әлеуметтік желіде ақын Мұхамеджан Тазабектің әскерилер мен полиция қызметкерлеріне дәріс оқыған видеосы тарап, қоғамда қызу талқыға түсті. Әсіресе, оның «Біз қытайдан қорықпайық, құдайдан қорқайық», «Алаңға, ел паниковать етіп жатқан жерге баланы алып бару, әйелді апарып жылату – ең подлый нәрсе» деген сөздері көпшіліктің наразылығын тудырған болатын.

Артынша Мұхамеджан Тазабек өзі жайлы видеоға қатысты пікір білдірді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы