22 Шілде 2021 2021, 18:23
Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен: Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды; Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.