Ішкі істер министрі БҰҰ Даму бағдарламасы офисінің басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов БҰҰ Даму бағдарламасы офисінің басшысы Якуп Беришпен кездесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан полициясын реформалау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және бірлескен жобалар шеңберінде олардың дамуының перспективаларын қарады. 

Кездесу барысында Қазақстан тарапы ішкі істер органдарын жандандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Кездесу өзара түсіністік атмосферасында және конструктивті диалог жағдайында өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы