Ішімдікке сылқия тойған атыраулық үйін өртеп, қашып кеткен

Атырау облысында ішімдікке сылқия тойған тұрғын үйін өртеп, тәртіп сақшылары келгенше қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Polisia.kz таратқан мәліметке сәйкес, 22 желтоқсан күні уақыт 21:12 шамасында "102" арнасына 1992 ж.т. азаматша хабарласып, жолдасы мас күйінде үйдің есігін бұзып кіріп, үшкір затпен қорқытып жатқаны жөнінде хабарлама берген.

Аталған мекен-жайға дереу жеткен Батыс-58 экипажы үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, жедел түрде әрекет етумен 1992 ж.т. азаматша мен оның 4 жастағы баласын қауіпсіз жерге шығарып, өртті ауыздықтайды. Ал мас күйде келіп, әйелін қорқытып, үйді өртке ораған ер азамат жанжал үстінде полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен, - делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 1992 ж.т. азаматша мен оның 4 жастағы қызын «Аналар үйіне» орналастырып, ер азаматқа қатысты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы