25 Қазан 2026, 18:44 Фото: ҚР ҰОК

Исхар Құрбаев Астанадағы әлем чемпионатында Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады

Грек-рим күресінен сынға түскен отандасымыз әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы медалі.

Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының өкілі Исхар Құрбаев үшінші орынға ие болды. Қола медаль үшін белдесуде отандасымыз Үндістан өкілі Лалит Лалитті жеңді.

Айта кетейік, биыл жазда екі спортшы Венгрия астанасында өткен рейтингтік турнирде де қола жүлде үшін белдескен. Сол кезде де Құрбаев 18:10 есебімен жеңіске жеткен.

Исхар Құрбаев Астанадағы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін жапониялық Кагетора Окамотодан басым түсумен бастады. 1/8 финалда өзбекстандық Ихтиёр Ботировты жеңсе, ширек финалда Молдова өкілі, Еуропа чемпионы Артём Делянуды сенімді түрде ұтты.

Еске салайық, 23 жастағы Исхар Құрбаев бұған дейін 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында күміс медаль иеленген. Сондай-ақ ол 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.