Исекешев Елбасы бастамаларының орындалу барысымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларының орындалу барысымен бөлісті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Біз Елбасы ұсынған екі маңызды бастаманы іске асыруды қолға алдық. Бірінші ерекше қажеттіліктері бар балалармен кешенді жұмыс жүйесін жүргізетін «Қамқорлық» бағдарламасы. Екіншісі «Ел үміті» - балалар мен жастар арасындағы таланттар мен көшбасшыларды анықтау, таңдау және қолдауға бағытталған жұмыс жүйесі", - деп жазды Исекешев. 

Жалпы, Тұңғыш президент қорының мақсаты - әлеуметтік, гуманитарлық жобалар мен бағдарламаларға қолдау көрсету.

"10 жыл ішінде қор жүздеген жобаларды іске асырды. 258 дарын біздің қордың лауреаттары атанды. Бұл шығармашылық және зиялы қауым өкілдер, студенттер мен оқушылар. Бұдан басқа, қайырымдылықты насихаттау үшін жыл сайын «Мейірімділік керуені» байқауы өткізіліп тұрады. Инновациялық «Smart Zholy» жобасы, балалар арасында «KazRoboProject» чемпионаты және «Iitu Robocon 2019», «Nazarbayev Fund Schools Challenge», «Жеңістерге бірге!» атты балалар паралимпиадасы бар. Біз Үкіметпен, облыс әкімдерімен, министрліктермен, бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен әріптестігіміз бар. Белсенді жұмыс үшін оларға көп рахмет. Біз әрқашанда ынтымақтастыққа дайынбыз. Мен қордың жұмысы туралы ақпаратпен бөлісуді жөн көрдім. Әсіресе жастарға қызық болады деп ойлаймын", - деп түйіндеді Әсет Исекешев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы