Іс-шаралар жоспарын қайта қараймыз – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министр Аида Балаева Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн өткен дөңгелек үстел барысында айтты.

Президент Жолдауында еліміздегі отбасылық-демографиялық саясат жөнінде нақты тапсырмалар берді. Әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасын ұсынды. Бұл бойынша нақты жоспарлар қазір әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, биыл біз 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңін бастадық. Бұл бойынша нақты іс-шаралар жоспары қабылданса да, айтылып жатқан ұсыныстармен толықтыруға болады, - деді Балаева. 

Министр дөңгелек үстел барысында айтылған барлық ұсыныс жоспарды қайта қарауға себеп болатынын айтты. 

Осы мәселе бойынша алғашқы дөңгелек үстел ғой. Бірнеше тақырыптың басын аштық. Болашақта нақты жоспарлар мен бастамаларды қамтитын шаралар өтетініне нақты айта аламын, - деді ол. 

Айта кетейік, шара барысында филиология ғылымдарының докторы бала тәрбиесіне арналған ата-аналар кітапханасын жасауды ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы