«Ирония судьбы или с легким паром» фильмінде ойнаған актер қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, РИА Новости хабарлады.

Ресейлік актер Андрей Мягков 82 жасында қайтыс болды.

Ол жұртшылыққа «Ирония судьбы или с легким паром» фильміндегі рөлімен танымал болды.


Мягков 1938 жылы 8 шілдеде Ресейдің Ленинград қаласында дүниеге келген. 1987 жылдан бері аталған театрда қызмет еткен. 

1964 жылы Анастасия Валентиновна Вознесенскаямен некелескен.  

Служебный роман, Жестокий романс, Гараж фильмдеріне түскен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы