Ирландияда шектеу шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландия билігі вирустың дендеуіне жол бермес үшін мемлекет аумағында бақылау-өткізу бекеттерін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгінде Ирландияның бас күре жолдарында 100 шақты өткізу бекеті орнатылған. Олар өз жұмысын сейсенбі күні түнде бастайды. Билік бұл қадам арқылы тұрғындардың аудан, қалааралық қозғалысын шектеп, коронавирустың таралауына жол бермеуді көздеп отыр.
Айта кетейік, қазір елде шектеу шараларының үшінші деңгейі жарияланған. Бұл тәртіп айдың соңына дейін созылады. Жалпы бүгінде Ирландияда вирусты жұқтырғандар саны 38 мыңды құрайды. Екі мыңнан астам науқас көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы