Ирина Юнусметова Париж олимпиадасы лицензиясын жеңіп алды
Кеше халықаралық нысана көздеу (ISSF) барлық Әлем Кубогының кезеңінен кейін Олимпиадалық рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Париж ойындарының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті.
Бұл еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-шы лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу); Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Парижге барар билетке иелік еткен. Осы қатарда Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшының өзіне тиесілі. Қалғаны федерацияға берілген квота.
Ал жалпы Қазақстан еншісіндегі лицензия саны 67-ге жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы