Ірі сауда желілеріне бағаны төмендету туралы хабарлама жібердік – Комитет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Монополияға қарсы орган 21 қарашада "Рамстор", "Астыкжан", "Кенмарт", "Small", "Magnum Caskery", "Metro Caskery" сияқты ірі сауда желілеріне 80 хабарлама шығарған. Хабарламалардың жалпы санынан 78-і бағаларды төмендету арқылы ерікті түрде орындалды.
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті хабарлады.
Нарық субъектілері хабарламаларға сәйкес бағаларды төмендету бойынша шаралар қабылдады. Бұдан басқа, бағалардың өсетіні туралы жария өтінішке байланысты ұн мен нан өндірушілердің басшыларына 7 алдын ала ескерту шығарылды. Осы бағытта жұмыс жалғастырылады. 10 күн ішінде орындамаған жағдайда, нарық субъектілеріне қатысты тергеп-тексеруге бастамашылық жасалады, - дейді Ұлттық экономика министрлігінің комитет басшысы Рустам Ахметов.
Оның айтуынша, хабарламалардың жалпы санынан 78-і бағаларды төмендету арқылы ерікті түрде орындалды.
Ол сөз байласу фактілері анықталған жағдайда, нарыққа қатысушылар сөз байласу нәтижесінде алынған кірістің 1-ден 5 %-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтетінін айтты.
Айта кетейік, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында Комитет биыл нарық субъектісіне қатысты 7 тергеп-тексеру тағайындаған.