9 Қыркүйек 2023 2023, 22:13

Ірі көлемде есірткі жасырған астаналық ұсталды

Елордадағы дәмхана маңындағы жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордадағы дәмхана маңындағы жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оны «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әшкерелеген.

Сараптамаға сәйкес, қарудың газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.