Ірі қалалар мен үлкен жол бойындағы мешіттер электронды картаға енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен бөлім сағатының кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев есеп берді.
Марат Абдуллаұлы бүгінде еліміз бойынша мешіт саны 2716-ға жеткенін атап өтті.
Өткен жылы мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында шалғай ауылда орналасқан 30 мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ірі қалалардағы мешітке 97 садақа қабылдау терминалы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 97 садақа терминалы орнатылмақ. Құлшылық үйлеріне қатысты мәліметтердің электрондық базасы жасалуда. Бұдан басқа осы жылы ірі қалалар мен үлкен жол бойында орналасқан мешіттер электронды картаға енгізіледі. Мешітті қазақы стильде салу жұмыстарына қатысты нақты жобалар жүзеге асуда, - деді Жаппасбаев.
Бас мүфти жол бойындағы мешіттерге көңіл бөліп, жолаушы азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселесіне баса назар аударуды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда карантин күшейтілді
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы