Елімізде жалған құжат рәсімделген асыл тұқымды сиырлар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға жалған құжаттар арқылы словакиялық деп чехиялық 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал кіргізілмек болған.
Айта кетсек, былтырдан бері Қазақстанға Чех Республикасынан ауыл шаруашылық жануарларын (тірідей)
кіргізуге уақытша шектеу қойылған. Заңды бұзған кәсіпкерлерге ірі қараны жөнелтуші елге қайта қайтару туралы нұсқау берілді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстандық "Агро-Комплекс-Сулышок" компаниясына Словакиядан 50 бас асыл тұқымды ірі қара малын импорттауға ветеринарлық рұқсат берген болатын. Алайда құжаттарды, оның ішінде 2019 жылғы 08 қазандағы SVS /2019/120824- J ветеринарлық сертификатын тексеру барысында жануарлардың шыққан елі Чех Республикасы екені анықталды. Ал, Чех Республикасының уәкілетті органдары бірнеше рет жалған ветеринариялық сертификаттар мен куәліктер беру арқылы қарапайым жануарларды "асыл тұқымды" мал ретінде экспорттау фактілері тіркелген болатын. Аталмыш жағдай бойынша қазіргі уақытта сот процестері өтуде, - делінген хабарламада.Чех Республикасынан жануарларды әкелуге шектеу қойылуына байланысты ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы "Агро-Комплекс-Сулышок" ЖШС басшылығына жануарларды жөнелтуші елге қайта қайтару қажеттілігі туралы нұсқау берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан 40 млрд теңгеге жаңа спутник құрастырады
Өзгелердің жаңалығы