Иран Али Хаменеидің қазасын ресми түрде растады
Иран билігі елде 40 күндік аза тұту жариялағанын хабарлады.
Али Хаменеи 86 жасында өмірден өтті. Бұл ақпаратты ирандық мемлекеттік телеарна растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Али Хаменеи 28 ақпанда таңертең өз резиденциясында өлтірілді, - делінген Иранның мемлекеттік телеарнасы таратқан ақпаратта.
Иран президенті Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысының қазасы «жауапсыз қалмайтынын» мәлімддеді.
Али Хаменеи 1989 жылдан бері Иранның Жоғарғы көшбасшысы қызметін атқарып келді. Оған дейін ол сегіз жыл бойы Иран президенті болған.
Иран билігі елде 40 күндік аза тұту жариялағанын хабарлады.
Али Хаменеи – Иранның қазіргі саяси жүйесіндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі болды. Оның басшылығы кезеңінде ел ішкі саяси процестерде де, халықаралық аренада да маңызды өзгерістерді бастан өткерді.
Сонымен қатар Fars News Agency агенттігінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан Али Хаменеидің қызы, күйеу баласы және немересі қаза тапқан. Басылым бұл ақпаратты Ислам революциясының қамқоршылар корпусымен байланысты дереккөздерге сілтеме жасап таратты.
Агенттік сондай-ақ «кейбір мәліметтер бойынша, Хаменеи әулетінің келіндерінің бірі де шабуылдардан қаза тапқан болуы мүмкін» деп хабарлады.