Иранның оңтүстігіндегі портта болған жарылыстан зардап шеккендер саны 700-ден асты

Иранның оңтүстігінде орналасқан Шахид-Раджай портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендердің саны 700 адамнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан бес адамның қаза тапқаны да ресми түрде расталды.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта бес адам қайтыс болды, — деп жазды Tasnim Telegram арнасы.

Mehr агенттігінің мәліметінше, жарылыс шамамен жергілікті уақыт бойынша 12:30-да болған. Оқиға орнына жақын маңдағы қалалардан 15 жедел жәрдем көлігі және төрт шұғыл медициналық автобус тартылды. Сонымен қатар, көмек көрсету үшін көршілес аудандардан бірнеше тікұшақ жіберілгені хабарланды.

Жарылыс толқынының күштілігі соншалық, порттағы көптеген ғимараттар мен көліктер айтарлықтай зақымданған. Қазіргі уақытта жағдай бақылауға алынған.

Айта кетейік, бүгін 26 сәуірде Бендер-Аббас қаласындағы Шахид-Раджай теңіз портында жарылыс болды. Жарылыс Иран билігі тарапынан жіті бақылауға алынды. Оқиғаның нақты себебі мен толық көлемдегі зардап шеккендер туралы мәліметтер анықталу үстінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP Photo / IRNA/Mohammad Rasoul Moradi
Өзгелердің жаңалығы