Иранның оңтүстігінде магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болды

Иранның оңтүстігіндегі Бушехр провинциясында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тегеран университетінің Сейсмология орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Ассалуйе ауданы маңында орналасқан.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 08:41-де байқалған.

Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте болған.

Қазірге дейін қаза тапқандар немесе қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы