Бүгiн 2026, 20:16 Фото: Anadolu Agency

Иранның батысында АҚШ пен Израиль шабуылдарынан 6 адам қаза тауып, 43 адам жараланды

Соққылар Хоррамабад қаласындағы азаматтық нысандарға жасалды.

Иранның батысындағы Лурестан провинциясының Хоррамабад қаласында азаматтық нысандарға жасалған АҚШ пен Израиль соққылары салдарынан 6 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ирандық БАҚ-тың Лурестан провинциясы әкімшілігінің мәлімдемесін келтіре отырып, Хоррамабад қаласының солтүстігіндегі азаматтық нысандарға жасалған американо-израильдік соққылар салдарынан 6 адам көз жұмғанын айтты.

Атыс салдарынан бірқатар тұрғын үйге зақым келіп, төрт ғимарат қираған.

Билік өкілдері құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.