Иранның АҚШ әскери базасына шабуылынан 80 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранның АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына жасаған шабуылы салдарынан 80 адам қайтыс болды. Бұл туралы Иранның Press TV телеарнасы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

8 қаңтарды Ислам революциясының жасақ корпусы (ИРЖК) генерал Касем Сулейманидің өліміне кек қайтару ретінде АҚШ нысандарына шабуыл жасады.
Иран АҚШ-тың әуе базаларына жасаған соққысынан кейін мәлімдеме жасады.

Иран операциясы "Сулейманиді азаптаушы" деп аталды. Иран АҚШ-қа көмектескен елге де шабуыл жасайтынын ескертті. Айта кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды.

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.

Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты. 

Ал, 5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты. Иранның мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар сыйақы беретіні туралы хабарлады, деп жазады EN24.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы