Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта жандануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуірден бастап ирандық "Kish Air" әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Катарда бірегей спорт музейі ашылды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы