Кеше 2026, 01:29
Фото: REUTERS / WANA
Иранмен қақтығыста АҚШ-тың 140-қа жуық әскери қызметкері жараланды
Бұл Пентагонның ресми мәліметінен әлдеқайда көп.
Иранның Тегеран қаласында 7 наурызда болған АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде жарылыстардан кейін 140-қа жуық американдық әскери қызметші жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Пентагонның баспасөз хатшысы Шон Парнелл мәлімдегендей, жарақаттардың басым бөлігі жеңіл, ал 108 әскери қызметші қызметке қайта оралған.
Сегіз әскери қызметші әлі де ауыр жағдайда, оларға ең жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсетілуде.