Бүгiн 2026, 00:38
Фото: pinterest
Ирандық дрон Дубайдағы элиталық зәулім ғимаратқа соққы жасады
Құтқарушылар 88 қабатты зәулім ғимараттан адамдарды эвакуациялап жатыр.
Ирандық камикадзе-дрон Дубайдағы элиталық «23 Marina Tower» зәулім ғимаратына соққы жасағаны туралы шетелдік БАҚ жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жариялаған видеоларда ғимараттан қою қара түтін шығып жатқанын көруге болады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқышсыз аппараттың сынықтары көпірге құлап, салдарынан жеңіл автокөлік өртенген.