Ирандық генерал қазасынан кейін мұнай қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Багдадтағы әуежайдан шығып келе жатқан көлік коллонасына соққы жасалғанда ирандық генерал Касим Сулеймани қаза тапқан болатын. Сулеймани Иранның шетелдегі әскери операцияларын ұйымдастыруға жауапты Эль-Кудс әскери бөлімшесін басқарды.

Сауда деректеріне қарағанда, Brent маркалы мұнайға наурыздық фьючерстің бағасы барреліне 2,76% – 68,09 долларға дейін, WTI маркалы мұнайға ақпандық фьючерстің бағасы барреліне  – 2,75%, 62,86 долларға дейін өсті.
 
Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды.  АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы