Ирандағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты

Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан провинциясында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 580-ге дейін артты,деп хабарлайды BAQ.KZ  Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қызыл жарты ай ұйымы 447 адамның зардап шеккені мен үш адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Жергілікті биліктің мәліметіне қарағанда екі ірі қала мен 70-тен астам елдімекенде ғимараттар бүлінген. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,9, ошағы Хой қаласынан 23 шақырым жерде болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Pouria Pakizeh / ISNA / AP
Өзгелердің жаңалығы