Ирандағы жағдай: ОПЕК мұнайға сұраныс болжамын қысқартты
Түзету Ирандағы қақтығыстың жаһандық энергетикалық нарыққа әсерімен байланысты.
ОПЕК 2026 жылдың екінші тоқсанына арналған әлемдік мұнай сұранысы бойынша болжамын тәулігіне 500 мың баррельге төмендетті. Бұл туралы ұйымның ай сайынғы есебінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Түзету Ирандағы қақтығыстың жаһандық энергетикалық нарыққа әсерімен байланысты. Есепте Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының бұзылуы әлемдік жеткізілімге қысым түсіріп, жанармай бағасының өсуіне әкелгені атап өтіледі.
ОПЕК дерегінше, екінші тоқсанда әлемдік мұнай сұранысы орта есеппен тәулігіне 105,07 млн баррель болады. Бұл алдыңғы болжамнан 105,57 млн баррельге төмен.
Сонымен бірге ұйым жылдық сұраныс өсімі бойынша бұрынғы болжамын өзгеріссіз қалдырды. ОПЕК әлемдік сұраныс 2026 жылы тәулігіне 1,38 млн баррельге өседі деп күтеді.
Есепте ОПЕК+ елдеріндегі мұнай өндіру көлемі наурыз айында орта есеппен 35,06 млн баррельге дейін төмендегені де көрсетілген. Ең үлкен қысқарту Ирак пен Сауд Арабиясында тіркелген.
Сарапшылардың пікірінше, Ормуз бұғазындағы жағдай жаһандық мұнай нарығындағы тұрақсыздықты күшейтіп отыр.