Бүгiн 2026, 00:30
Фото: Amir Kholousi/ISNA/WANA via REUTERS
Ирандағы шабуылдар: 200-ден астам адам қаза тапты
Оңтүстіктегі зымыран соққысынан кем дегенде 85 оқушы қаза тапқан.
Израиль мен АҚШ-тың шабуылдары салдарынан Иранда 201 адам қаза тауып, 747 адам жарақат алды. Бұл туралы Иран БАҚ-тары Қызыл жарты ай ұйымына сілтеме жасап мәлімдеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Оңтүстіктегі зымыран соққысынан кем дегенде 85 оқушы қаза тапқан. Құтқару жұмыстары және үйінділерді тазалау әлі жалғасуда.
Израильде Иранның шабуылдары кезінде 86 адам жеңіл жарақат алып, тағы екі адам сынықтармен ауруханаға жатқызылды.